Жұма, 21 маусым, 12:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Қымбатшылық қашанға дейін жалғасады – министрдің жауабы

17.11.2022

686 0

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне елдегі қымбатшылық қашанға дейін жалғасатыны туралы болжамын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейбір сарапшылар келесі жылы Қазақстанда суперинфляция болатынын айтып жүр? Бұл рас па? Қымбатшылықтың беті қашан қайтады?», – деп сұрады журналист.

Министр қазіргі қымбатшылық Қазақстанда кейінгі 10-15 жылдан бері болмағанын еске салды.

«Айтайын дегенім, биылғы бағаның өсуі, инфляция 18,8 пайыз болып тұр. Бұл соңғы 10-15 жылда болмаған үлкен көрсеткіш. Оны бәріміз түсініп отырмыз. Шет елдерде соңғы 40-50 жылда болмаған нәрсе. Қазір атқарылып жатқан шаралардың қорытындысында осы жылдың соңы, келесі жылдың басында инфляцияның күрт төмендеуі байқалатынына үміт артып отырмыз. Шыңы 20 проценттің айналасында болады. Сосын барып түседі», – деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, келер жылдың аяғында инфляция қазіргі деңгейінен екі есе түсуі мүмкін.

«Ендігі жылға бюджетте көрсетілген мөлшерлеме 7,5 пайыз бен 9,5 пайыздың аралығы. 2023 жылдың қорытындысы бойынша сол көрсеткішке жетсек, мұны үлкен көрсеткіш деп есептеу керек. Себебі сол кезде екі есе төмен түсейін деп тұр ғой», – деді Ерұлан Жамаубаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: