Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының әкімі тағайындалды

01.12.2022

654 0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021-2022жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: