Сенбі, 20 сәуiр, 02:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

01.12.2022

879 0

29 қараша күні Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевтың төрағалығымен қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М.Бибитова, қалалық ветеринариялық станциясы директоры Н.Төлегенов, қалалық дербес бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында бірнеше мәселе қаралды. Ең біріншіден,  қалалық ауыл шаруашылығы бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылдың үшінші тоқсанында атқарылған жұмыстары талқыланды. «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы», «Қызылорда қаласы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы»,  «Қызылорда қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-16/10 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Сондай-ақ «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»,  «Қызылорда қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» мәселесі де ортаға салынды.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, күн тәртібінен тыс бүгінгі күні өзекті болып отырған қаңғыбас иттердің қала көшелерінде қаптап жүргені туралы мәселесі де көтерілді.

Қызылорда қаласы бойынша қазіргі таңда ит-мысықтарды аулау жұмыстары заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылуда. Қалалық ветеринариялық станциясы директоры Н.Төлегенов шұбарып, үш немесе одан да топтап жүрген қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл жұмыстар күнделікті жауапты мамандар бақылауында. Кеңес тарапынан қалалық ветеринариялық станциясына қоғам тарапынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары бойынша қоғамның наразылығын тудыруына және адам өміріне қауіп төнуіне байланысты пәрменді шаралар қабылдау ұсынылды.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: