Сенбі, 25 мамыр, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының өзекті мәселелері қаралды

26.01.2023

901 0

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қала әкімі және облыс әкімі орынбасарларының қатысуымен Қызылорда қаласының өзекті мәселелерін қарады.
Аймақ басшысы алдымен коммуналдық проблемаларды шешу жолдары бойынша сала басшыларының баяндамаларын тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, 2022 жылы сатып алынған қоғамдық көліктердің қалған бөлігінің облыс орталығына жеткізіліп, бағытқа қосылуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердегі ауыз су қысымының мәселесін шешу, аяқ су жеткіліксіз аумақтарды анықтап тиісті шаралар қабылдау, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша және жалпы облыс көлемінде санитарлық тазалықтың сақталуын қадағалауды баса назарда ұстау қажеттігін айтты.
Нұрлыбек Машбекұлы облыс тұрғындарына көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы жұмыстар үнемі өзінің тікелей бақылауында болатынын ескертті.
Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: