Жұма, 23 ақпан, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 106 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

17.07.2022

339 0

Биыл Сыр өңірінде энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында 17,3 млрд. теңгені құрайтын 106 жоба жүзеге асырылуда. Дегенмен бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, нысандарды уақытында тапсыру керек.

Жарты жылдың көрсеткіші қанағаттанарлық. Дегенмен, бөлінген қаржыны жылдың аяғына дейін ысырып тастап, қарап отыруға болмайды. Жаздағы құрылыс жұмыстарына қолайлы кезеңді пайдаланып, құрылысшылардың жұмысын қадағалау керек. Қаржы бар, тек жұмысты жеделдетіп, нысандарды уақытылы ел игілігіне беруге жұмыс жасайық. Бұл мәселенің барлығы да аймақ басшысының жеке бақылуында, – деді М. Жайымбетов.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі мәжіліс өтті.
Жиында Мархабат Жайымбетов жұмысты жеделдету керектігін ескертті.

Мәжілісте Су ресурстары комитетінің тікелей қаржыландыруымен Арал ауданында Ақбасты, Тоқабай, Абай елді мекендерін Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосу жобасының жүзеге асырылу барысы да айтылды.

Жиын қорытындысымен аталмыш жобаларға қаралған қаралған қаржыны тиімді игеріп, белгіленген мерзімде іске қосу тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: