Сенбі, 20 сәуiр, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 17 жасар қыз жоғалды

06.08.2021

1200 0

Қызылордада 17 жасар қыз жоғалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылар іздеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«4 тамыз күні кешкі уақыт 22.30 шамасында 17 жастағы Архабай Саламат Маратқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған. Жасөспірім 3 топ мүгедегі»,- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде. Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында.

Ерекше белгілері: бойы 140-150 см, шашы қызыл-қара. Киген киімдері: ақ футболка, джинсы шорты, кроссовка.

Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: