Сәрсенбі, 07 желтоқсан, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Қызылордада алғаш рет «Сырдария өзені» күні аталып өтті

25.08.2022

206 0

Қызылорда облысында «Сырдария өзені» күніне орай халықаралық конференция өтті.

Шараны АҚШ-тың «USAID» халықаралық даму жөніндегі агенттігі Қызылорда облысының әкімдігімен және Арал-Сырдария бассейндік инспекциясымен бірлесіп өткізді. Ауқымды жиын кеше «Сырдария — достық өзені» тақырыбы аясында ұйымдастырылған бірқатар мерекелік шарамен бастау алды.

Шараға «USAID» халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілдері, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмамбетов, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаев «Сырдария өзенінің трансшекаралық реттелуі. Су серіктестігінің мәселелері және оларды шешу жолдары», «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы қорының суды қорғау және бақылау мемлекеттік бөлімінің басшысы Зейнулла Қазтоғанов «Сырдария өзені бассейнінің су шаруашылығындағы жағдайы», Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының қызметкері, Су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Кеншімов «Сырдария өзенінің ластануы», «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров «Сырдария өзеніндегі су тапшылығы және су ресурстарын тиімді пайдаланудағы іс-шаралар», Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев «Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің су үнемдеу технологияларын қолдануы» тақырыптарында баяндама жасады.

Айта кетейік, Өзен күнін атап өту – Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару бойынша әлеуетті және өңірлік ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмыс істейтін USAID жобасының бір бөлігі.
Конференцияға қатысушылар өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын жеткізіп, сұрақ-жауап алмасты. Жиын соңында Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы Сейілбек Нұрымбетов, Аралды құтқару қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясының қызметкері, Су шаруашылығы саласының ардагері Әмірхан Қадырбекұлы, «Қазсушар» РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров, «Аралды құтқару» халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы дирекциясы экология департаментінің басшысы Мария Заднепровская, «Казгипроводхоз» жобалау институты» ЖШС-нің бас директоры Анатолий Рябцев БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз конференциясын өткізді.

Тағы да оқыңыз: