Сенбі, 27 сәуiр, 20:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада Аналар кеңесінің қорытынды кездесу өтті

24.12.2022

554 0

Қызылорда облыстық Аналар кеңесі және іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Аналар – асыл жандар» атты қорытынды мерекелік кездесу кеші өтті.

Мерекелік шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, аудандық Аналар кеңестерінің төрайымдары мен белсенділері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, білім, мәдениет сала мамандары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, көпбалалы аналар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Достық үйінің фойесінде қатысушыларды қазақ ұлттық аспаптар ансамблі әсем әуенмен қарсы алды. Шара модераторы, Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова және «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесін насихаттау жұмыстарында облыстық Аналар кеңесінің рөлі ерекше екендігін айтып өтті. Жеткен жетістіктер мен атқарылған ауқымды жұмыстарды тілге тиек етті. Облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыруға сүбелі үлесін қосқан жандарға арнайы номинацияларды табыстады.

«Бала тәрбиесіндегі әженің рөлі» туралы Жаңақорған ауданының білім саласының ардагері Зерегүл Сапабекова сөз қозғады. «Отбасы құндылықтарын дәріптеудегі облыстық Аналар кеңесі мен білім беру мекемелерінің тәжірибесі» тақырыбында №140 қазақ орта мектебінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаева орамды ойларын ортаға салды. Қармақшы аудандық соқырлар қоғамының төрайымы, 3-топ көз мүгедегі Элмира Үсенова «Мүмкіндігі шектеулі аналардың қоғамдық белсенділігін арттыру» мәселесіне тоқталып өтті. Ал облыстық мәслихат депутаты Дильфура Байрахтарова «Сыр аналары – береке мен бірліктің бастауы» екендігін алға тартып, Аналар кеңесінің бастамасымен қолға алынған жұмыстарға оң бағасын берді.

Қорытынды шарада Сырдың сұлу ақын қызы Толқын Қабылша «Ана туралы» өлеңін оқып, жиылған қауымды тебірентті. Облыстық филармонияның әншісі Марат Сүгірбай мерекелік ән-шашуын барша аналарға арнады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: