Сейсенбі, 16 шiлде, 17:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ауқымды инвестициялық жобалар қолға алынуда

07.06.2023

379 0

Аймақтағы басты жаңалықтарының бірі – 2022 жылдың қазанынан бастап өңдеуші өнеркәсіпке серпін беретін шыны зауытының іске қосылуы. Зауыт өнімі отандық нарықта да, шетелде де жоғары сұранысқа ие. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.«Өткен жылдың өзінде зауыт 32 мың тоннадан астам, жалпы құны 4,5 млрд. теңгенің өнімін шығарып, ішкі нарықты шынымен қамтамасыз етуді бастады. Ал, биылғы 4 айда 3,5 млн. текше метр шыны өндірілді. Бүгінде зауыт өнімі республика өңірлеріне сатылып, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей мемлекеттеріне экспортталуда. Қазір шыны зауытының жанынан құны 32 млрд.800 млн. теңгені құрайтын 3 ілеспе кәсіпорын құру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа кәсіп түрін ғана емес, жаңа жұмыс көзін ашуға, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді», – деді аймақ басшысы.Өңірде өзге де ауқымды индустриялық жобалар іске асуда. Ірі жобаларға тоқталсақ, «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының (235 млрд.теңге) құрылысы биыл басталмақ. Бүгінде Еуропалық Қайта құру және даму банкі платформасында тендер өткізілуде. Тағы бір ірі жоба – «Баласауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты өңдеу бойынша тәжірибелік-өндірістік кешен жұмыс жасауда. Былтыр өндірістік кешенде 454 тонна, ал биылғы 4 айда 81 тонна аммоний метаванадаты мен ферромолибден өндіріліп, ол Ұлыбритания, Ресей елдеріне экспортталды.Мұнан бөлек, орталықтандырылған жылу мәселесін шешу үшін «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлесіп, қуаты 240 мегаваттық жылу электр орталығының іргетасы қаланды. Құны 215 млрд. теңгеден асатын бұл жоба 2025 жылы ел игілігіне табысталады.Бұл орталық іске қосылғанда облыс электр энергиясын сырттан сатып алмайды. Өндірілген энергияның бір бөлігін аймақтан тыс жерге сатуға мүмкіндік туады. Осылайша, өткен ғасырдың 60-шы жылдары пайдалануға беріліп, тозығы жеткен электр желілері жаңартылып, электр қуаты тапшылығы жойылмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: