Жұма, 29 наурыз, 01:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада биыл қай елді мекендер газға қосылады?

02.06.2021

1026 0

Бүгін аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова облыс елді мекендерін газдандыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды таразылады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарды жеткізді.

Биыл облыстағы Қазалы қаласын, Жосалы және Жалағаш кенттерін, Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов елді мекендерін жыл соңына дейін газбен жабдықтау жоспарланған. Осылайша, облыстағы тұрғындардың газға қолжетімділігін 67,4 пайызға жеткізу міндеті тұр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралды.

Жалпы облыста 2025 жылға дейін 22 елді мекенге газ тарту жоспарланып отыр.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеп, жыл жоспарында газдандырылатын елді мекендердегі құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: