Бейсенбі, 09 мамыр, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті

28.11.2022

526 0

Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен және «Славяне» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен биылғы «Балалар жылына» орай «Достық үйінің» концерт залында «Достықта жоқ шекара» атты дәстүрлі фестивалі өтті.

2022 жылы 19-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі фестивальге «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және белсенділері, балалар мен Қызылорда қаласының тұрғындары қатысты.

Этно фестивальге арнайы келген қонақтар «Достық үйінің» фойесінде дайындалған «Славяне» орталығы өнерлі балаларының фотосуреттер көрмесімен танысты. Сондай-ақ, шарада «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Халилуллаев өз құттықтау сөзін сөйлеп, славян орталығына достық пен бірлікті сақтауға және нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Фестиваль аясында Славяне орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейтін мектеп оқушылары мен студент жастар, вокалды топтар, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары достық, бірлік және бейбітшілік тақырыптарында халықтық және патриоттық әндер, билер мен өлеңдер орындады. Шара соңында «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова фестивальдің барлық белсенді қатысушыларына алғысын білдірді.

А.НҰР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: