Сенбі, 29 наурыз, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада қауын мен қарбыздың балы шығатынын білесіз бе?

26.03.2025

438 0

Соңғы бірнеше жылдан бері қызылордалықтар томат, салат, аджика өнімдерін сырттан емес, жергілікті тауарөндірушілерден алуға көшті. Өткен жылдан бері оған түрлі тосаптар қосылды. Халық сүйіп жейтін өнімдерді әзірлеп жатқан кімдер? Бүгін осы тақырыпты кеңінен тарқатпақпыз.

Сыр өңіріндегі Шиелі ауданына қарасты Бидайкөл ауылындағы Барлыбаевтар әулеті көкөніс пен бақша өнімдерін өсірумен қатар, өңдеумен айналысуды кәсіпке айналдырған отбасы.

Әулеттің көшбасшысы Қанат Барлыбайұлы ең алдымен өз ақшасына кәсіпкерлік мақсатта ғимарат салады. Ал 2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы басталғанда жеңілдікпен несие алып, көкөністерді өңдеуді қолға алады.

«Әке көрген оқ жонар» демекші әкесінің жасап жүрген кәсібіне қызыққан 25 жасар Ертуған өзінің ісін бастап көрмек болады. Ертуған Қанатұлының негізгі мамандығы инженер, машина құрастыруға маманданған.

Қанат Барлыбайұлы кәсібін бастағысы келген ұлына қолдау көрсетіп, өз ғимаратынан арнайы орын бөліп береді. Ертуған Қанатұлы бақша өнімдерінен тосап қайнатып, шырын әзірлеуді көздейді. Осы мақсатта «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан 20 млн теңге жеңілдетілген несие алады.

«Былтыр өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен пилот жоба жүзеге асырылып жатқанын естідім. Ол үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініпті. Бағымды сынап көрмек болып қажет құжаттарды жинап тапсырдым. Орталық өтінішімді қолдап, кәсіпке қажет қаржыға қол жеткізе алдым», – дейді Ертуған Барлыбаев.

Қызылордада қауын мен қарбыздың балы шығатынын білесіз бе?

Жас кәсіпкер қажет-құрал жабдықтарды Ресейден алдырады. Былтыр күзде өнімдерін шығарып бастады.

«Әзірге қауын, қарбыз, қызанақ тосаптарын шығарып жатырмыз. Сертификатталған. «Қауын балы», «қарбыз балы», «қызанақ тосабы» атауымен өнімдерімізді халыққа ұсынудамыз, Алдағы уақытта шие, өрік, жүзімнен де тосап дайындау жоспарда бар. Бұдан өзге биыл қызанақ, қауын, қарбыз шырындарын шығаруды ойластырып жатырмыз», – дейді жас кәсіпкер.

Әкелі-балалы Барлыбаевтар бүгінде 10-нан астам өнім түрлерін шығарып жатыр. Өнімдері Қызылорда қаласынан өзге аудандардың дүкендерінде сатылымда.

«Өнімдерімізге сұраныс жоғары. Қызылорда облысынан өзге Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана қаласынан тапсырыстар түсуде. Қазір өзіміз жеткізіп жатырмыз», – дейді кәсіпкер.

Қызылордада қауын мен қарбыздың балы шығатынын білесіз бе?

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан жеңілдетілген несие алғаннан кейін Барлыбаевтардың өндірген өнімі екі есе өскен. Былтырдың өзінде 100 000 данадан артық өнімді тұтынушыларға ұсынды. 10 адамды жұмыспен қамтып отыр. Соның ішінде жас кәсіпкер Ертуған Барлыбаевтың жобасы аясында 5 адам жұмыс істейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: