Сәрсенбі, 24 сәуiр, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада заңсыз  екі ойынхана бизнесінің жолы кесілді

24.07.2023

262 0

22 шілдеде Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен  Полиция департаментінің ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жүргізілген арнайы  жедел шаралардың  нәтижесінде Қызылорда қаласының орталығында жасырын түрде заңсыз құмар ойындарын ойнататын екі ойынхана анықталды. Ұйымдастырушылар бұл мақсатта екі пәтер жалға алған. Ол жерден  полицейлер 400 мың теңгеден астам ақша және 15 компьютер тәркіледі.Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды.Қылмысқа күдікті Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, олардың басқа да сыбайластары анықталуда.Жоғарыда көрсетілген бапта кінәлі тұлғалардың мүлкін тәркілеу, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: