Сәрсенбі, 08 мамыр, 08:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордадағы ірі кәсіпорындарда 23 мыңға жуық адам жұмыс істейді

24.06.2022

709 0

Aqmeshit-aptalygy.kz Бүгінгі күні облыс әкімінің ірі кәсіпорын жұмыс берушілерімен еңбек ұжымдарында әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған үшжақты меморандумдар жасау жөніндегі игі бастама істері жалғастырылуда.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес өңірдегі әр саланың ірі кәсіпорын басшыларымен облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мархабат Жайымбетұлы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және табысын арттыру басты назардағы мәселе екендігіне тоқталды.

Жалпы өңірдегі ірі кәсіпорындар облыста 23 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып, оларға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетіп келе жатқандығын айтып, алдағы уақытта осы еңбек ұжымдарында әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әрбір жұмыс беруші қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасап, жалақыларын кезең-кезеңімен көбейту бойынша шаралар қабылдауы қажет екендігін атап өтті.

Сонымен бірге, ірі кәсіпорын басшыларын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, түрлі әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік нысандар салу арқылы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған игі істер жасауға шақырды.

Жиын соңында облыс әкімдігі, ірі кәсіпорын жұмыс берушілері мен облыстық кәсіподақ өзара ынтамақтастық туралы Меморандумдарға қол қойды.

Атап айтқанда, «СНПС- Ай Дан Мұнай», «ШалқияЦинк ЛТД», «Аэропорт «Қоркыт Ата», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ, «Кольжан», «Клиника Интертич», «Кызылқұм», «РУ-6», «Хорасан-U (Хорасан-У)», «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы», «Фирма Балауса», «Шаған Жер», «Қазалы теміржол ауруханасы», «ALEXEY SULTAN AKHMET», «Zhanros Drilling», «СКЗ-U», «Сыр медиа» «Ұлы Қабырға» (Кызылорда)» Бұрғылау компаниясы ЖШС-тері, ШЖҚ «Қызылордажылуэлектрорталығы» кәсіпорындарымен Меморандумдар жасалды.

Бұған дейін, облыс әкімдігі «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы Жүк тасымалы» қосалқы бөлімі, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ, «ҚАЗПЕТРОЛ ГРУП» ЖШС, «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС компаниялармен осы тектес меморандумдар жасасқан.

Меморандумның негізгі мақсаты – еңбек ұжымындағы әлеуметтік – еңбек жағдайы мен өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және персоналды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнінде шараларды қабылдау болып табылады.

Басқа да жаңалықтарды біздің әлеуметтік желідегі парақшалардан оқыңыз:

Telegram Facebook Instagram

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: