Дүйсенбі, 06 мамыр, 14:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

27.06.2023

583 0

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы өңіріміздің журналистер қауымымен кездесіп, оларды төл мерекелерімен құттықтады. Байланыс пен ақпарат қазіргі таңда қоғамдық өмірдің барлық басты салаларын қамтып отырғаны белгілі.  Осы ретте БАҚ тұрғындар мен билік арасындағы алтын көпір тәріздес. Бір жағынан олар адамдарды толғандыратын мәселелерді айтса, екінші жағынан оларды шешудің жолдарын хабарлайды.  Сондықтан да сапалы да сауатты ақпаратқа деген қолжетімділік бүгінде үлкен маңызға ие.Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан Сермаханұлы журналистердің өз шығармашылығы арқылы қоғамға қызмет ететін ерекше мамандық, айрықша кәсіп иесі екендігін атап өтіп, ерекше алғысын білдірді.«Қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, қылмыс пен құқық бұзушылықпен күрес тақырыбында қалам тербеп, ақпарат айдынында еліміздің дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген қызметтеріңіз үшін алғыс білдіремін.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен еңбектеріңізге жеміс тілеймін!» деді өз құттықтау сөзінде Амиржан Сермаханұлы.Сонымен қатар, Амиржан Сермаханұлы қызметі мен тәлімгерлігі үшін ішкі істер органдарының ардагері, Қазақстан Республикасы  Журналистер одағының мүшесі Қазыбек Әшірбекұлына  айрықша алғысын білдірді.Бүгінгі мерекелік шара барысында полицияның имиджін көтеріп, беделін арттыру, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбындағы іс-шараларды көрсетуге, насихаттауға қосқан үлесі үшін бір топ журналистер департамент басшылығы тарапынан «Алғыс хаттармен» марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: