Бейсенбі, 02 мамыр, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Рұқсатсыз жұмыс істеген лагерь апаттық жағдайда

28.07.2023

264 0

Батыс Қазақстан облысында үш балаларды оңалту лагері рұқсатсыз жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Уральская неделя басылымы. 

Басылым мәліметінше, лагерьлердің ғимараты апаттық жағдайда тұр, балалардың төсек жабдықтары ауыстырылмайды және жалпы төсек жетіспейді екен.  

Балалар лагерін ашу үшін лагерь әкімшілігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алуы керек. Үш лагерь ондай қорытындысы болмағанына қарамастан, балаларды қабылдаған. 

«Достық» балалар лагерінде 35 орын бар, алайда ғимарат апаттық жағдайда және барлық бөлмедегі еденнің жағдайы нашар. 

«Ақпатер» лагерінде әр кезекте 30 баладан қабылданып отырған және балаларды жөндеу жүргізілмеген ғимаратқа орналастырған. Балалардың төсек жабдықтары да ауыстырылмаған. Тіпті қоқыс контейнерлері жоқ, ал лагерь аймағы қоршалмаған. 

«Ақкөл» лагерінде әр кезек сайын 36 баладан қабылданған. Ғимараттың терезелері ашылмайды, ал төсек-орын саны бала санынан аз болған. 

Екі лагерь әлі де балаларды қабылдап жатыр екен. Үшіншісі жұмысын тоқтатқан.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: