Жұма, 26 сәуiр, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сағынтаевқа қатысты тексеру басталды

28.11.2022

617 0

Алматы қаласының прокуроры Бақытжан Сағынтаев әкім болған тұста таулы аймақтағы жер телімдерін жеке меншікке берілуінің заңдылығын тексеруді бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

– Қазіргі уақытта Алматы қаласының прокуратурасы аталған аумақтағы жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертудің заңдылығын зерттеп, қала құрылысы құжаттамасына түзетулер енгізуде. Сонымен бірге, қала прокуратурасы жер ресурстарын басқару комитетіне сұраныста көрсетілген жерлердің берілуінің негізділігін тексеруді тапсырды, – деді Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып.

Сұраныс Алматы қаласында орналасқан Фесенков атындағы обсерватория және астрофизикалық институтының рекреациялық жерлерін маусымдық тұрғын үй және аз қабатты құрылыс жерлеріне ауыстыру туралы анықталған ақпаратқа байланысты жолданды. Бұл деректі заңгер Бақытжан Базарбек бұған дейін айтып, жерлердің Сағынтаев қала әкімі болған кезінде берілгенін айтқан болатын. Соған сәйкес аталған жерлерді берудің заңдылығын тексеру тапсырылған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: