Сейсенбі, 21 мамыр, 09:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40-2050
21.05.2024
PDF мұрағаты

Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр

10.10.2022

847 0

Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты.

Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.

«Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», – деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай болды.

7 қазан күні президенттікке ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары тексеріліп жатқаны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: