Жұма, 29 наурыз, 13:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Санақ қалай өтуде?

31.10.2021

1335 0

Онлайн санақтың қорытындысы бойынша облыста 437738 адам халық санағынан өтіп, көрсеткіш 53,2 процентті құраған. Республика бойынша Сыр өңірі онлайн санақтан өту рейтингісінде екінші орынға тұрақтаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова баяндады.

– Халық санағы – мемлекеттік дәрежеге ие, көптеген сұраққа жауап беретін саяси іс-шара. Ұлттық халық санағының негізгі логотипі мен девизі – Қазақстанда әркім маңызды. Санақ нәтижесі бойынша деректер демографиялық үрдістерді өлшеуге, салыстыруға, талдауға және ағымдарын болжауға мүмкіндік береді. Биылғы халық санағының өз ерекшелігі бар. Мәселен, санақ бірінші рет онлайн электронды форматта жүргізілуде. Онлайн санаққа қызылордалықтар белсенді қатысып, республика бойынша алдыңғы қатарда, – деді облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы.

– Қазіргі таңда II кезеңде санақ бөлімінің жұмыстарына 4 адам, 41 нұсқаушы, 138 нұсқаушы-бақылаушы, 1-ші қазаннан бастап 758 сұхбатшылар уақытша жұмысқа тартылды. Бүгінде оффлайн санақтан өткен халықтың саны 358828 адамды немесе 43,6 процентті құрап отыр. Облысымыздағы халықтың жалпы халық санағынан өтуі 96,8 процент немесе 796566 адамды құрады, – деді облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева.

Өңірдегі барлық 108 санақ учаскесінде эпидемиологиялық талаптар сақталып, санақ жүргізетін персоналдар вакциналанған және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. II кезеңдегі сұхбатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір санақ учаскелеріне полиция департаментінің учаскелік инспекторлары бекі-тілген. Сонымен қатар сұхбатшыларға 1-30 қазан аралығында Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру қарастырылған. Облыс көлемінде орналасқан жабық мекемелер толығымен онлайн санақтан өткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: