Сенбі, 27 сәуiр, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сақ болыңыз: Интернет-алаяқтар!

22.12.2022

749 0

Сурет ашық дереккөзден

Егер сіздің телефоныңызға қоңырау шалып, банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырып, банк карталарының деректемелерін сұраса, бұған сенбеңіз! Бұл интернет-алаяқтар.

Егер сіз тауарды OLX сайты арқылы сатсаңыз және сізбен сатып алушы хабарласып, сілтеме бойынша өтуді ұсынып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы тапсырысты ресімдеуді сұраса, бұған сенбеңіз! Бұл интернет-алаяқтар. OLX сайтында мұндай қызмет жоқ.

Колеса сайтында және Instagram әлеуметтік желісінде тауарға тапсырыс берген кезде сізден алдын ала төлемді қажет етсе, бұған сенбеңіз! Тауарды бейне байланыс арқылы көрсетуді талап етіңіз және сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің сол қаладағы таныстарыңыз немесе жақын туыстарыңыздан тауарды көруді сұраңыз.

Интернет желісіндегі ақша қаражатын көбейту бойынша күмәнді жобалардан және спорттық оқиғаларға нақты болжамдардан бас тартыңыз!Жоғарыда аталған жағдайда қаскүнемдер сіздің ақшаңызды иемдене алады!

Сақ болыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: