Бейсенбі, 18 сәуiр, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Сарапшы тез баю жолын түсіндірді

01.07.2021

1291 0

Сарапшы әркімге ыңғайлы болатын баю жолын айтты. «Универ Капитал» ИК капитал нарығы департаментінің атқарушы директоры Артем Тузовтың айтуынша, қор нарығы инвесторға да, алыпсатарға да ақша табудың жеткілікті нұсқаларын ұсынады, – деп хабарлайды «Прайм» агенттігі.

Инвестицияны сәтті жасау үшін белгілі бір қабілет керек. Біріншіден, ол қаржылық сауаттылық, яғни қайда инвестиция жасау-жасамауын дұрыс түсіну қажет. Екіншіден, қаржылық тәртіп керек. Ол қажетсіз несие алу мен «жалақыдан жалақыға дейін» өмір сүру тәртібін бұзу үшін қажет. 

«Табыстың 10-20 пайызын сақтай отырып біртіндеп капитал құрып, баюға болады», – дейді маман. 

Үшіншіден, үнемі білім алып, ізденіп жүру керек. Сарапшының ойынша, жай ғана идея ешқандай табыс алып келмейді, инвестицияның жаңа нұсқаларын ойластырған кезде ғана тезірек баюға болады. 

Төртінші қабілет – тәуекелді түсіну, яғни тәуекел, табыс және капиалды дамыту арасындағы тепе-теңдік. 

«Ал бесінші қабілет – басымдықтарды дұрыс белгілей білу. Денсаулыққа немесе отбасылық өмірге зиян келтіре отырып баю бақыт әкелмейді», – деп түсіндірді сарапшы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: