Сейсенбі, 12 қараша, 21:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауына құжаттар қабылданады

14.07.2023

557 0

1. Жалпы ережелер «Сауатты жарнама – тіл абыройы» республикалық байқауының мақсаты: ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Тіл туралы заң) талаптарының орындалуын қадағалау жұмыстарына атсалысып, белсенділік танытып жүрген азаматтарға қолдау көрсету, ынталандыру.Байқаудың міндеттері:1) республика (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар) аумағында, БАҚ-та (радио (аудиожарнама), телеарна (бейнежарнама), баспа және әлеуметтік желілерде жарияланатын республиканың квазимемлекеттік секторының, кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) субъектілерінің (облыстық, қалалық филиалдары) жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері мен мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандарын ынталандыру;2) республика аумақтарында Тіл туралы заң талаптарына сәйкес келмейтін жарнама мәтіндерін түзету жұмыстарына атсалысып жүрген жеке азаматтарды дәріптеу, ынталандыру.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет) Байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.2. Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.3. Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектор, жергілікті жерлердегі кәсіпкерлік (шағын және орта бизнес) субъектілерімен байланыс орнатылады. 3. Байқауға қатысушылар үшін қойылатын талаптар:заңды тұлғалардың мемлекеттік тілде жарнама мәтінін әзірлейтін копирайтерлері және мемлекеттік тілге аударма жасайтын мамандары үшін (келісімшарт бойынша және т.б.).1) соңғы 1,5 жыл ішінде әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін жолдауы керек;2) қазақ тілінде әзірлеген және қазақ тіліне аударған жарнама, бейнежарнама, аудиожарнама мәтіндерінің жарияланған орындарын дәлелдейтін құжаттарды (БАҚ беттеріндегі жарнамалар, телеарна мен радио атауы, фотосурет, баннер, билборд, сілтеме, скриншот, келісілген жарнама үлгілері және т.б.) жолдауы керек.3) Байқауға қатысушылар туралы мәліметтер (қатысушының жеке куәлігі, копирайтерлер үшін: жұмыс орнынан анықтама) ұсынылуы қажет.жеке азаматтар үшінЖарнама мәтіндері бойынша1) тиісті (жергілікті) органдар арқылы жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалау, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, түзету жұмыстарына атсалысуы қажет;2) Байқау өткізілетін жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Тіл туралы заңның талаптарына сәйкестендірілген жарнама материалдарын жинақтап, жолдауы қажет (жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп, ресми құжаттар, таратпа материалдар және басқа да құжаттар);3) әлеуметтік желілерде жарияланған сауатсыз немесе қазақ тіліндегі аудармасы мазмұнына сәйкес келмейтін жарнамаларға ұтымды пікір қалдыру (комментарий), ой салу, жөндеуге үлес қосуы қажет, қалдырылған пікірге қатысты жарнама беруші жауап қайтарған жағдайда скриншот немесе сілтемесін ұсынуы қажет. Бейнежарнамалар, аудиожарнамалар бойынша 4) жыл бойы стильдік қатемен берілген бейнежарнамаларды (телеарналар арқылы),аудиожарнамаларды (радио арқылы) анықтап, тізбесін (жарнама мәтіні, телеарна, радио атауы, берілген мерзімі) жолдау керек; 4. Байқаудың қазылар алқасы 1. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.2. Қазылар алқасының құрамы филолог ғалымдар, білікті заңгерлер, қоғам қайраткерлері, журналистерден тұрады. Сандық құрамы үш адамнан аспайды. 3. Байқауға қатысушылардың жинақтаған материалдарымен танысады, шешім шығарады. 4. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталады. 5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.6. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және ұйымдастырушы органның, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.Байқауға қатысушылар жинақтаған материалдарын Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін өткізуі қажет.Мекенжайы: Сұлтан Бейбарыс көшесі №1, Облыстық мекемелер үйі, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы, № 317 кабинет. Байланыс телефоны: 8 (7242) 60-53-14, 60-53-15, 60-53-19

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: