Бейсенбі, 02 мамыр, 00:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Сегізінші кандидат: Кәсіпкер Талғат Ерғалиев Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсынылды

11.10.2022

566 0

«Қазақстан құрылысшылар Одағы» Талғат Ерғалиевті Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде ұсынды. Ол бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ОСК мәліметінше, бүгін, 10 қазанда Талғат Ерғалиевтен «Қазақстан құрылысшылар Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен ел президенттігіне кандидат ретінде тіркеу үшін келесі құжаттар келіп түскен.

Олар: 1. «Қазақстан құрылысшылар Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Т.Ф. Ерғалиевтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі. 

Айта кету керек, 10 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына сегіз кандидат өтініш берді.

Оның ішінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілі Нұрлан Әуесбаев, «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінің кандидаты Мейрам Қажыкен, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаты Жигули Дайрабаев, Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев, қоғам қайраткері Қарақат Әбден және «Қазақстан Құрылысшылар одағының» басшысы Талғат Ерғалиев,  «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен Жұматай Әлиев. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: