Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Шамамен 3 мың доллар: Президенттің баспасөз хатшысы Ұлттық қор есебінен балалардың есепшотында қанша қаржы жиналатынын айтты

01.09.2022

719 0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Руслан Желдібай аталған бағдарламаның балалар жылы аясында іске қосылатынын еске салып өтті. 

“2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады”, – деп жазды ол өз Facebook-парақшасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: