Жұма, 29 наурыз, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Шиелі ауданында әр гектардан 55 центнер өнім жиналды

10.10.2022

463 0

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында биыл 30074, 4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы егілді. Таратып айтқанда, күздік бидай 1649, жаздық бидай 456, тары 280, арпа 50, дән жүгері 110, соя 150, жаңа жоңышқа 3400, ескі жоңышқа 6147,8 мал жемдік асқабақ 137,6, жемдік жүгері 60, күнбағыс 15, картоп 1198,1, көкөніс 1769,05, бақша дақылдары 2408, мақсары 1494 гектар жерге егілсе, өңірдің басты брендіне айналған күріш 10 750 гектар жерге себілді. 

Бүгінде ауданның ауыл шаруашылық дақылдарын жинау жұмысы толығымен аяқталған. Егілген 10 750 сыр маржаны толық орылып бітіп, оның 9670 гектары бастырылуда. Орта есеппен әр гектардан 55 центнер өнім жиналды.

«Байырғылар «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп бекер айтпаса керек-ті. Сол айтқандай, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген сала еңбеккерлерінің маңдай терінің арқасында меже орындалды. Айта кету керек, қазан айының 23-і күні сағат 08:00-де орталық стадионда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жалпы жәрмеңкеде 78 тонна өнім болады деп жоспарлануда. Көлік саны шамамен – 24. Берекелі жәрмеңкеде сатылатын өнімдер нарық бағасынан 10-15 процентке төмен сатылатын болады, – дейі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: