Сәрсенбі, 29 мамыр, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Smart Qyzylorda – жылдам қызмет мүмкіндігі

10.01.2023

831 0

Smart Qyzylorda – қала тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін түрлі салалардағы қызметтер мен сервистер біріктірілген және жылдам алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Мобильді қосымша 78 сервистерден тұрады.

− Қалалық қызметтер: тұрғын үй және жер кезегінің нөмірі, салық берешегін тексеру, учаскелік инспекторды іздеу, атаулы әлеуметтік көмек калькуляторы, көлік салығын есептеу, Komek109-ға өтінім беру;

− Денсаулық сақтау: дәрігерге жазылу, дәрігерді үйге шақыру, емхананы іздеу, мед.сақтандыру, дәрі-дәрмек іздеу, менің емханам, аурухана парағын тексеру, дәрігерлерді бағалау;

− Білім: университеттер, мектептер, балабақшалар, секциялар мен үйірмелер, ата-ана бақылауы;− Көлік: көліктің техникалық байқауы, қалалық автобустар, ТЖ және автовокзал кестесі, әуежай, такси тұрақтары, аялдамалар таблосы, ТЖ және әуе билеттерін сатып алу;

− Коммерциялық қызметтер: қазпошта трекингін тексеру, жұмыс іздеу.

− Ойын-сауық: іс-шаралар, кино билеттері, сауда орталықтары, кафелер мен мейрамханалар, караоке барлар, қонақ үйлер, ойын-сауық, демалыс аймақтары, спорт. нысандар, тағамға тапсырыс беру, пайдалы сілтемелер.

− Белсенді тұрғын: сауалнамалар және дауыс беру.

− Жаңалықтар: іс-шаралар, Қаз Inform, намаз уақыты, қаладағы оқиғалар.

− Туризм: қонақүй, жатақхана немесе пәтерлерді жалға алу, мұражайлар мен театрлар, кесенелер, ғимараттар, мұнара, діни ғимараттар.

− Менің төлемдерім: коммуналдық қызметтерді төлеу, айыппұлдарды төлеу, Қазақтелеком төлемдері, есептегіштердің көрсеткіштері, Бірыңғай жиынтық төлем , салық төлеу.

− Қауіпсіздік: эвакуациялау пункттері, шомылуға тыйым салынған аймақтар, қауіпті аймақтар, қаладағы, аудандардағы құрама және қабылдау пункттері.

Облыс бойынша жыл сайын өткізілетін ауқымды «Inno.Fest», «Smart City Hackathon», «Pecha Kucha Night» атты жобалар туралы барлық ақпараттарды мобильді қосымшадан көруге және Google Play және AppStore платформаларында жүктеп алуға болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: