Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ауылда тұрғысы келмейтін әкімдер бар

09.11.2022

680 0

Кейбір әкімдерге ауыл әкімі қызметі ұнағанмен, ауылда тұрған ұнамайтын сияқты. Себебі бұл мәселе бір емес, бірнеше рет айтылса да, ауылдан «қашқан» әкімдер азаймай тұр.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.

– Президент тапсырмасы аясында ауыл-ауылдарды аралап, халықпен кездескен сайын үнемі тұрғындар ауыл әкімі мен учаскелік инспекторлардың жұмысына жиі шағым айтады. Оқыс оқиғалар орын алған сәтте, инспекторды да, ауыл әкімін де таппаймыз дейді. Мұның бәрі жұмысты қатынап істеудің салдарынан туындайды. Халықтың шынайы талап-тілегін ескергеннен кейін мұндай тапсырма берілді. Бірақ, нәтиже жоқ. 20 қарашаға дейін тапсырма орындалмаса, аудан әкімдерінің жұмысы қатаң қаралып, тиісті шешімдер қабылданады. Біз халықтың өтінішін орындауға тиістіміз! Тұрғындар өз мәселесіне лайықты деңгейде жауап ала алмағандықтан, амалсыз әлеуметтік желіде мәселе көтереді. Реті келсе, заң аясында шешімін табуға ықпал жасап, халықпен сындарлы диалог орнатылуы керек, – деді аймақ басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: