Дүйсенбі, 06 мамыр, 11:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Су сапасы бақылауда

13.07.2023

389 0

Қызылорда облысы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 98,2 %, орталықтандырылмаған сумен 1,7%, тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 23  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2023 жылдың 6-айында орталықтандырылған сумен жабдықтау объектілеріненмикробиологиялық көрсеткіштеріне 715 су сынамасы алынып, оның 12 талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы – 1,68 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағаш ауданданында анықталды).

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштерінее 664 сынама алынып, оның 30-де сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы –4,5 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынананықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектілерінде  жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді. Халық арасында су факторына байланысты аурушаңдық  тіркелген  жоқ.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: