Жексенбі, 28 сәуiр, 05:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп нормалары бойынша түсіндіру семинары өтті

31.07.2023

215 0

Бүгін қала әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатов қалалық мәдениет және спорт бөлімі қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндіру бойынша семинар өткізді.

​          Кездесу барысында сөз алған аппарат басшысы Жасұлан Абатов әр мемлекеттік қызметшінің жұмыстан тыс уақытта өз іс-әрекеті мен мінез-құлқына жауапты екенін, ал кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатындығын есте сақтау қажеттігін тілге тиек етті.

​          Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жалпыға бірдей қабылданған моралдық-әдептік нормаларды сақтау жөніндегі талаптары да ескертілді.

​          Жиын соңында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Жасұлан Абатов бөлім қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын сақтау, Сыбайлас жемқорлық көріністерінің әрбір фактісіне мұқият талдау жасау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауды, қызметкерлер арасында басшылардың өз бағыныштылары үшін жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: