Сейсенбі, 23 шiлде, 13:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА 27 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

15.07.2023

498 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Үкімет отырысынан соң Премьер- министр берген тапсырмаларды пысықтау мақсатында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті.

Ұлттық жоба аясында Сыр өңірінде 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет салынады.

Оның ішінде 16 нысан биылға, 11 нысан алдағы жылға жоспарланған.Қазір биылға жоспарланған14 нысанның мердігері анықталды.

Қалған 1 дәрігерлік амбулатория құрылысының мердігері порталдағы техникалық ақау салдарынан анықталмаған.

Аймақ басшысы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, веб порталдағы қателіктерді жойып, шілденің 20-на дейін мердігер мекемені анықтауды тапсырды.

Мердігері белгілі 14 нысандағы құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен мерзімінде орындалуын облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бақылау жөніндегі басқармасымен бірлесіп қамтамасыз етуі тиіс.

Бір медициналық пункт құрылысы бойынша 96,1 млн. теңгеге ҚР Денсаулық сақтау министрілігіне бюджеттік өтінім ұсынылған. Алайда бүгінге дейін қаржысы республикалық бюджеттен нақтыланбаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізу, алдағы жылға жоспарланған 11 нысан құрылысының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау тапсырылды.

Сондай-ақ 2025 жылға қарай Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ауданаралық ауруханаларын көпбейінді ауданаралық аурухана деңгейіне жеткізу жұмыстары бойынша мемлекеттік сараптамаға енгізілген жобалар қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: