Жұма, 19 шiлде, 05:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Сырдария өзенінің арнасын тазалау жұмыстары жалғасуда

09.08.2021

535 0

Бүгін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М.Қалдарбеков «Қызылорда қаласының төңірегінде Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Жобаның негізгі мақсаты – жер снарядын пайдалана отырып, Қызылорда қаласының шегіндегі Сырдария өзенінің 8,9 шақырым арнасын тазарту. Өткен жылдың қазан айында басталған жобаның іске асырылу мерзімі 3 жыл.

Бүгінгі күні нысанның басында жалпы 17 құрылыс техникасы жұмыс атқаруда. Оның ішінде 3 құмды соратын жер снаряды, 9 экскаватор, 2 погрузчик және 3 бульдозер.

Басқарма басшысы Мұса Оспанұлы мердігер «Павлодар өзен порты» Акционерлік қоғамының басшылығына техникалар санын арттыруды, жұмысты бригадаға бөлу арқылы бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асыруды тапсырды.

Жұмыстың атқарылу барысын үнемі басқылауда ұстау облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Б.Алиев пен басқармаға қарасты жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының басшысы Е.Бейсенбаевқа тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: