Сейсенбі, 07 мамыр, 14:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Тәуелсіздік – тұғырым

12.07.2022

778 0

Терең ойдың араласам тұнығын,

Неткен азап әрі ғажап ғұмырың.

Таңбасындай түскен елдің  басына,

Тәуелсіздік, қасиетті,  ұлы ұғым…

Басыңнан өтті қиындық небір зұлмат күн,

Тынышыңды да құзғынға талай ұрлаттың,

Ал бүгін айың оңынан туды, қуан, ел!

Етегін ұста, бұйырған мынау шын бақтың.

Мызғымас берік алынбас алып қамалың,

Боздақтар өтті жасқа да бұлап жанарын.

Жастығын қиып желкініп өткен он алты,

Не деген ашкөз,  не деген үлкен араның.

Артта барлығы болашағымнан зор сенім,

Арманым да жоқ, бақытты күндер көрсе елім,

Тәуелсіздік тұғыры қазақ халқымның,

Еркіндігіңнің төлқұжаты ол сенің!

Қазір жайың жақсы да халің тіпті,

Иығыңнан шешкелі ауырлықты,

Жүзіңдегі арайды ұрлай алмас,

Енді ешбір жауыз да зәлім мықты.

Артта қалып алпауыт дүрбелең күн

Азаптың алыстатты бір белеңін,

Отыз жылдық мерекең құтты болсын!

Қазақы тағдыр тағы сүбелендің …

Өзіңдей өр мінезді болмайды алып,

Ұрпағың ұран етіп қолдайды анық,

Тәуелсіз ел болғалы арманы асқақ,

Қуанышында шегі жоқ, сондай халық

Азаттықтың армансыз бір жұтымдай

Ауасымен тыныстау қандай бақыт!

Айдана СЕРІК,

№178 мектеп оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: