Жексенбі, 05 мамыр, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Талсуатта жаңа руханият ошағы салынуда

02.12.2022

894 0

         Екі мыңнан астам халқы бар Талсуат ауылдық округі қаладан шет орналасқан ауылдың бірі. Десе де, өсіп өркендеу жолында қарқын алып дамып келеді. Мұнда қазір экономикалық белсенді халық саны 1093 адамды құрайды. Биыл ауылды көркейтуде біршама жұмыстар атқарылған.

         Ауылдың даму көрсеткішінің бірі ондағы инфрақұрылымның жақсаруы екені жасырын емес. Бұл бағытта биыл Талсуатта жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға көшелердің түнгі жарық бағаналарын (202 бағана) күтіп ұстау бағытындағы шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ,  «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында ауылдық округтегі Көкшетау және Қазалы көшелеріне жарықтандырылған.

Бұдан бөлек ауылдық округтегі электр желілері талапқа сай жүргізілмеген көлемі 4,7 шақырымды құрайтын 13 көшедегі ағаш бөренелерді ауыстыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылған.

Талсуаттағы тынымды тірліктің бірі – кәсіпкерлік саласы. «Бизнесті қолдау мен дамытудың» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауылдық округте 143 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Биыл осы уақытқа дейін 4 ауыл тұрғыны әр түрлі бағытта кәсіпкерлікті дамытуға несие беру орталықтарынан 45,0 миллион теңге несие рәсімдеген.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан 20 адам оқып, сертификат алса, оқыған азаматтардың ішінен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында мемлекеттік қайтарымсыз грантты жалпы құны 8,6 миллион теңге болатын қаражатты 7 адам алған. Сонымен қатар, «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу» бойынша Талсуат ауылдық округіне қарасты 2 шаруа қожалығы 2,1 миллион теңге субсидия алды.

Ал, халықтың әлеуметтік ахуалы бойынша жыл басынан ауылдағы тұрмыс деңгейі аз қамтылған 105отбасына атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысы төленіп, қайырымдылық акциялары аясында 19 тұрмысы төмен отбасыларға азық-түліктей қолдау шаралары ұйымдастырылған.  

Ауылдық округте № 178 орта мектебі балаларға білім береді. Онда барлығы 418 оқушы білім алады. Үстіміздегі жылымектепті9 оқушы бітіріп, түгелдей дерлік ұлттық бірыңғай тестке қатысқан. Нәтижесінде оның алтауы мемлекеттік грантқа түскен. Сонымен қатар, ауыл бүлдіршіндерін тәрбиелеуде «Заңғар» балабақшасы және жеке «Балнұр» балабақшасы жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Заңғар» балабақшасында 90 бала тәрбиеленсе, «Балнұр» жеке балабақшасында 15 бала тәлім алуда.

Ауыл тұрғындарының рухани дамуы жолында мұнда ауылдық клуб пен кітапхана жұмыс істейді. Жұртшылықтың мәдени көпшілік іс-шаралары осы ауыл клубында жүзеге асырылады. Сонымен бірге, мұнда оқушылар үшін түрлі үйірме қызметі бар. Мәселен, көркем сөз оқу, ән айту, би, көңілді тапқырлар клубы жас өрендердің талантын шыңдауға арналған. Алайда қазіргі таңда ауылдық клуб ескірген. Соған байланысты 150 орындық мәдениет үйі ғимаратының құрылысы басталған. Руханият ошағы келер жылы көктемде ел игілігіне берілмек.

Бұдан бөлек ауылда тұрғындар игілігі үшін, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, балаларға сый ретінде «Туран ВодСтрой» ЖШС-нің демеушілігімен жаңадан балаларға ойын және тренажер алаңы салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: