Бейсенбі, 23 сәуiр, 11:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2241)
21.04.2026
PDF мұрағаты

​Тап пен руханият ұлықталған күн

23.04.2026

76 0

Фото: Шиелі ауданының “Руханият” орталығы


Бүгін Шиелі ауданының “Руханият” орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай «РУХАНИ ӘЛЕМ» атты ашық аспан астында мәдени шара өтті.

​Тап пен руханият ұлықталған күн
​Тап пен руханият ұлықталған күн


Ашық аспан астындағы мәдени шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, кітап – адамзаттың рухани байлығының алтын қазығы, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын басты құндылық екенін атап өтті. Сондай-ақ ,аудан әкімінің орынбасары кітапханашылар қауымының еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдағы ағартушылық рөлі айрықша екенін жеткізді

​Тап пен руханият ұлықталған күн


Сонымен қатар, салаға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара аясында түрлі тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, қатысушыларға кітап оқу мәдениетін дәріптейтін мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Ашық форматтағы шара оқырмандар мен кітапсүйер қауымның басын қосып, рухани үндестік алаңына айналды.

​Тап пен руханият ұлықталған күн


Сондай ақ, шара барысында «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, кітап пен руханиятты ұлықтауға бағытталған бастамалардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге, партия атынан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: