Бейсенбі, 02 мамыр, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тазалықшылар шипажайға жолдама алды

05.12.2022

743 0

«Birge: Taza Qazaqstan» республикалық эконауқанға белсенді түрде қатысқан азаматтар марапатталды. Науқанға қатысушы жеңімпаздарды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

         Туға жердің, айнала қоршаған ортаның тазалығына баса мән беріп, жанашырлық танытатын тұрғындар қаламызда баршылық. Олар сол ісімен тазалықтың үлгісін көрсетіп жүр. Мұндай белсенді азаматтар қоғамда елеусіз қалмайды. Шарада оларға еліміздің белгілі шипажайларына жолдама берілді.

         «Достық» үйінде өткізілген салтанатты жиында облыс әкімі алдымен президенттік сайлау науқанына белсенділік танықтан жерлестеріне алғыс білдіріп, сырбойылықтардың ауызбіршілігі арқасында аймағымыз үздіктер қатарынан көрінгенін тілге тиек етті.

– 20 қараша күні жылдың ең ауқымды әрі ең маңызды саяси оқиғасының бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Қашанда ауызбіршілігі мен ынтымағынан айнымаған Сыр халқы елдің болашағы айқындалатын сындарлы сәтте Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа зор сенім артып, дауыс берді. Мызғымас бірлігіміздің, тату тәтті тірлігіміздің, қазақы болмысымыз бен жарқын болашаққа деген халықтың зор сенімінің арқасында сайлауға қатысушылардың саны 81,07 пайызды құрап, аймағымыз үздіктер қатарынан көрініп, республика бойынша екінші орынға тұрақтады. Ел жаңғыруының бастамасы ретінде маусым айында Ата Заңымыз Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткізілген республикалық референдумда да Сыр жұртшылығы ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп, Қызылорда облысы үздік өңірлер қатарынан көрінген болатын. Бұның барлығы да аймақ тұрғындарының Мемлекет Басшысына деген сенімі, стратегиялық реформаларын қолдауының нәтижесі», – деді аймақ басшысы.

Жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сындарлы кезеңде азаматтық белсенділігі және ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы «Алғыс хатымен» марапаттады. Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Birge: Taza Qazaqstan» акциясына белсене атсалысып, қоғамда экологиялық құндылықтарды дәріптеуде айрықша атсалысқан қызылордалықтарға алғысын білдірді. Алдағы кезде де тазалық, көркейту-көгалдандыру ісіне белсене қатысуға шақырды.

Шара соңында аптап ыстықта да, қақақған аязда да ауа райына қарамастан тынбай еңбек етіп, тазалық жаршысы болған 30 еңбек адамына «Көкшетау», «Мерке», «Сарыағаш» және «Жаңақорған» емдік-сауықтыру шипажайларына жолдама табысталды. Одан бөлек, акция нәтижесімен үздік атанған 7 ауылдық округке су сорғысы берілді.

Тазалыққа үндеген бұл бастама келер жылы да жалғасын таппақ. Алайда келер жылдан бастап конкурс арқылы «Үздік аудан орталығы», «Үздік ауыл» және қала ішіндегі «Үздік мөлтек аудан» анықталып, жеңімпаздарды қоғамдық ұйым өкілдері, экобелсенділер мен еріктілерден құралған тәуелсіз комиссия таңдайтын болады. Ал, жеңімпаздарға берілетін сыйдың да көлемі зор болмақ. Мәселен, «Үздік аудан орталығы» номинациясы бойынша І орынға арнайы жол тазалағыш КАМАЗ және қалдық тасымалдаушы МАЗ автокөлігі, ассенизатор мен кран-манипулятор берілсе, ІІ орынға қалдық тасымалдаушы көлік, ассенизатор және жол тазалаушы трактор, ал, ІІІ орынға ассенизатор мен жол тазалаушы трактор сыйға беріледі.

Бұған бөлек, «Үздік ауыл» номинациясын иеленген ауылдарға да бағалы сыйлықтар табысталады. Ал, І орын алған ауылға жер қазатын трактор мен самосвал ЗИЛ автокөлігі, ІІ орынға жер қазатын трактор мен тіркеме, ІІІ орынға жер қазатын трактор берілмек.

«Үздік мөлтек аудан» номинациясы бойынша І орынға сквер, спорттық алаңмен жарықтандыру жұмыстарын жүргізіледі. ІІ орынға абаттандыру мен спорттық ойын алаңын салса, ІІІ орынға абаттандыру жобалары тарту етілетін болады.

Осы орайда келер жылдан бастап елді мекендердегі тазалық, көркейту және абаттандыру жұмыстарымен айналысатын арнайы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар құрылып, оларға облыстық бюджеттен материалдық-техникалық базасын нығайтуға қажетті техникалар сатып алынады деп жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: