Сәрсенбі, 01 мамыр, 00:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тіл мерекесінің онкүндігі өтеді

31.08.2022

1016 0

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесін облыста ерекше атап өту жоспарлануда. Осыған орай арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.  Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына – 150 жыл қатар келген маңызды күнге орай қала мен аудандарда Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ләззат Есімова баяндады.

– 2018 жылдан бастап бұл мереке қазақ тіл білімі  мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай 5 қыркүйекте аталып өтуде. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақ тілі шын мәнінде білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Ата заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі», – деп атап өткен болатын. Қазақстан халқы тілдері күні 1-10 қыркүйек аралығында атап өтіледі деп жоспарлануда. Атап айтсақ, балабақшаларда «Тілді сүю – талбесіктен» акциясы және жоғары сынып оқушылары арасында «Ахаңның айшықты ойлары» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу шарасы өтеді. Жастар ресурстық орталықтарында «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты кинофильмі көрсетіледі. Сондай-ақ, 5-9 қыркүйек аралығында облыстық «Қызылорда» телеарнасынан «Тіл білімінің атасы» атты бейнеролик көрсетіліп, әлеуметтік желілерде «Ұлт ұстазымен үндесу» атты  челлендж  ұйымдастырылады. «Рухани болмысты жаңғырту – ұрпақ ұлағаты» атты облыстық ділмар шешендер байқауы мен этнос өкілдерінің қатысуымен «Поэзия және мен», «Ұлт тілін ұлықтаған» атты облыстық көркемсөз  оқу шеберлері байқауы ұйымдастырылады, – деді облыстық қоғамдық даму басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Ләззат        Жұмаханқызы.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту  бағытындағы шаралар тек тілдер мерекесі қарсаңында емес жыл бойы жүргізілмек. Тіл – ұлттың тұғыры, ұрпақтың ғұмыры. Қазақ тілі қазақты әлемге танытатын төлқұжаты.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: