Сенбі, 18 мамыр, 17:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев Дулат Исабековке Қазақстанның Еңбек Ері атағын берді

22.10.2022

804 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат – жазушы, Алматы қаласы

Розметов Владимир Фёдорович – «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры», – делінген Жарлық мәтінінде .

Одан бөлек, ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағы берілді. 

«Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы – ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы», – делінген Жарлық мәтінінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: