Жұма, 29 наурыз, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Тоқаев жанар-жағармай көлемінің азайып жатқанына байланысты ведомствалардың жұмысын сынға алды

31.10.2021

945 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Мағзұм Мирзағалиевті қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz .

Мәлім болғандай, жиын барысында мемлекет басшысы ішкі жанар-жағармай нарығындағы қалыптасқан жағдайға жол беруге болмайтындығына тоқталып, еліміздегі жанар-жағармай қорының күрт төмендеуіне жол берген ведомстволардың жұмысын сынға алды. Президент өнеркәсіп пен халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша генерациялаушы қуаттарды құру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі тапшылықты толтыру бойынша қабылданған шұғыл шаралар туралы баяндады.  Осылайша, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу мерзімі 2022 жылға шегерілді.  

Сонымен қатар, Ресейдің Энергетика министрлігімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде көрші елден 150 мың тоннаға жуық дизель отыны әкелінді.  Мағзұм Мирзағалиевтің айтуынша, қазір жағдай тұрақталып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: