Жексенбі, 28 сәуiр, 09:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында су шаруашылығындағы жағдай күрделі 

04.07.2023

2041 0

Бүгін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Қызылорда облысындағы күріш алқаптарын азайтуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында шілде айында күріш алқаптарын сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындауы мүмкін.

«2023 жылы күрішті 83,9 мың гектарға егу жоспарланып, іс жүзінде 88,107 мың гектар егілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 9,8 мың гектарға артық. Айта кету керек, министрлік облыста күріш алқабын қысқарту қажет екенін бірнеше рет ескерткен болатын. Су тапшылығына байланысты Бассейндік инспекция тұрақты суаруға арналған лимитті қысқартты», – деді З. Сүлейменова.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы және Жетісу облысы бойынша су шаруашылығындағы жағдай тұрақты. Осы облыстардағы барлық су қоймалары вегетациялық кезеңге бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр.

«Жалпы Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы су шаруашылығындағы жағдай күрделі болып қала береді. Жағдай тұрақты бақылауда және Министрлік су тапшылығының салдарын жеңілдету үшін барлық қажет шараларды қабылдайды», – деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Түркістан облысының әкімдігіне су көп жұмсалатын дақылдарды азайту ұсынылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: