Сәрсенбі, 01 мамыр, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Үнділік инвестор жауапқа тартыла ма?

09.12.2022

588 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында тағы да қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

         Министрдің айтуынша, мұндай оқиғалардың жиі орын алуы ел тұрғындарының наразылығын тудыруда.

– Қаза тапқан жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бұл өте ауыр оқиға. Менің ойымша, қандай да бір апат кезінде емес, бейбіт уақытта адамның жұмысқа шығып, қаза табуы барша қазақстандықтардың ашуына тиеді. Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет бір емес, бірнеше комиссия құрған. Онда 70-тен аса маман әр министрліктен жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижелерін жақын күндері көреміз деп ойлаймын. Мәселе жеке қызметкерлердің ғана емес, бүкіл компанияның жауапкершілігінде тұрғысында қаралап жатыр. Бұл компания Қазақстанда жұмыс істей ме, істемей ме? деген мәселе қаралатын болады, – деді министр Қайырбек Өскенбаев.

 Кеше «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында  газ қызметкері қаза тапты. Ал одан бұрын Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада жарылған газдың салдарынан 5 адам қаза тапқан еді. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтты.

Ал үкіметтік комиссия жарылысқа «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығын кінәлаған. Жарылысқа, сондай-ақ АМТ басшылығы да кінәлі деп танылған. Бұл істе 30 қызметкерге айып тағылған.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары AMT компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Митталды кінәлі деп тапса, оны жауапкершілікке тартуға құқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: