Бейсенбі, 09 мамыр, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық қордан бала шотына қанша ақша аударылады?

10.01.2024

2999 0

Ұлттық қордан бала шотына қанша ақша аударылады?
Фото: Н.Нұржаубай

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның сомасы әлі есептеліп бітпегенін айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазіргі таңда есеп жүргізіліп жатыр. Жалпы Қазақстандағы 18-ге толмаған балалардың саны 7 млн 200 мың болып отыр. Ал 18-ге толған, бірінші этапта төлем алатын азаматтардың саны қазіргі таңда 300 мыңға жуық. Олар бойынша қазір соңғы есептер жүргізіліп жатыр. Осы айдың аяғына дейін қорытындысы болу керек деп ойлаймын. 18-ге толған 300 мың адам бойынша қаражат аударылады. Сомасы санаулы. Жобалық сома бар. Бірақ қателеспеу үшін оны әзірге айта алмаймын», – деді Ержан Біржанов.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми қолданысқа енді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: