Сейсенбі, 14 мамыр, 18:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Зейнет жасы төмендей ме?

12.07.2022

677 0

Бұл – қоғам көкейіндегі сауал. Әсіресе әйелдер қауымы зейнет жасын төмендетсе деген тілегін айтып келеді. Әсіресе елдің үнін жоғарыға жеткізетін депутаттармен кездесу сайын зейнет жасы қозғалмай қалған емес. Өз кезегінде халық қалаулылары елдің ұсынысын депутаттық сауалға арқау етті.

Кеше Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың депутаттардың зейнет жасына қатысты сауалдарына жауабын «Egemen.kz» сайты жариялады.

Премьер-министрдің пікірінше, зейнетақы жасын біріздендіру – қаражат үнемдеу емес, лайықты зейнет­ақымен қамтамасыз ету.

«2018 жылдан бастап әйел адамдардың зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға артып келеді. Осы үдеріс кезең-кезеңімен 10 жылда іске асырылады. Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, лайықты зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін енгізілген. Өзіңізге белгілі, қазақстандықтар бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақысын алады. Ынтымақты зейнетақы азаматтардың 1998 жыл­ға дейінгі 2 еңбек өтілі мен соңғы 3 жылдық табысы негізінде есептелінеді. Нәтижесінде жыл сайын бұл төлемнің түрі кеміп, жинақтаушы зейнетақы үлесі өсе­тін болады. Сондықтан зейнетақы жасын төмендету зейнетақы салымдарының көлемінің кемуіне және осы жүйеден берілетін төлемдердің де күрт қысқаруына алып келеді», – деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасын көтеру үрдісі дамыған мемлекеттерде де, көршілес Әзербайжан, Армения, Ресей, Беларусь елдерінде де қолға алынуда.

«Осы өзгерістерді есепке ала отырып, елімізде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырудың жаңа шара­лары пысықталып жатыр. Олардың аясында: 1)зейнетақының мөлшерін арттыруды көздейтін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізу; 2) инфляция деңгейінен 2%-ға аса отырып, ынтымақты зейнетақы мөлшерін индекстеуді сақтау; 3) жұмыспен қамту мәртебесіне байланысты зейнеткерлік жасқа жақындап қалған әйелдер үшін жаңа қолдау шараларын анықтау. Әлеуметтік жобалар­ға тарта отырып, жұмыс істемейтін әйелдердің зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ұзарту; 4) зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің демографиялық трендтерге және бюджет кірістеріне тәуелділігін төмендетуге арналған жинақтаудың шартты компонентін енгізу көзделген. Осы шаралар зейнеткерлердің барлық санаттары үшін зейнетақы төлемдерінің барабар мөлшерін қамтамасыз етеді», – деп жауап берді премьер-министр Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: