Жұма, 29 наурыз, 19:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

06.01.2023

763 0

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері көбейді. Нақтырақ айтқанда, ең төменгі зейнетақы мөлшері – 53 076 теңгені құрап, 15 пайызға көбейтілсе, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге болып бекітілді. Ал айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңгені құрады. Сонымен қатар биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5 пайызға дейін артты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің Қызылорда облысы бойынша басшысының орынбасары Төреахмет Жолымбетов хабарлады.

– Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру туралы бірқатар заңға өзгерістер енгізген болатын. Соның бірі – биылдан бастап әйелдердің зейнет жасы 61 жас болып бекітілді. Алайда бұл өзгеріс алдағы бес жылға дейін сақталады. Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері 46 айлық есептік көрсеткіштен 55 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейді. Осыған сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу екі нұсқамен қаралатын болады. Осылайша, биылдан бастап зейнетақы жүйесіне 10 және одан аз жыл қатысқан немесе еңбек өтілі болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мөлшерінде зейнетақы төлемі ұлғайтылды. Жалпы облыс бойынша жасына байланысты зейнетақы алушылардың саны -78 923, ал базалық зейнетақы алушылардың саны – 75 504 адамды құрайды. Сондай-ақ, биыл бала туған кезде отбасына баланың кезегіне байланысты төленетін жәрдемақының екі түрінің де мөлшері де өсті. Атап айтқанда, бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда берілетін бір жолғы жәрдемақының мөлшері – 131 100 теңгені құраса, ал төрт және одан да көп балаға – 217 350 теңгеге дейінгі бір реттік жәрдемақы беріледі. Бұдан бөлек, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері де арттырылды, – деді департамент басшысының орынбасары Төреахмет Жолымбетов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: