Бейсенбі, 28 наурыз, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жаңа жылда тұрғындардан 5264 өтінім түскен

04.01.2023

448 0

Жаңа жылдық мереке күндері 109 орталығына қала тұрғындарынан 5264 өтінім келіп түскен. Бүгінде оның 98 пайызы орындалып, қалған 134 арыз-шағымды жауапты мекемелер қарауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Оңдасын Өтебеков баяндады.

– Өтінімдердің басым бөлігі 2-3 қаңтар аралығында түсті. Мереке күндері шаһар тұрғындары ауа райының қолайсыздығына байланысты қоңырау шалды. Барлығына уақытында жауап беріліп, тиісті мекемелерге жолданды. Тұрғындардан келген әр қоңырау сандық технология көмегімен арнайы бағдарламаға тіркеледі. Айта кететін жайт, 109 байланыс орталығы 24/7 жұмыс істейді. Орталық қызметкерлері өтінімдерді тиісті салаға жеткізіп, шағым бойынша жұмыстардың атқарылуын қадағалап, базаға енгізеді,-деді Оңдасын Нұрлыбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: