Сенбі, 04 мамыр, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңашыл жастар марапатталды

30.10.2022

573 0

Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабай өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымы және Волонтерлар орталығының мүшелерімен кездесті. Кездесуде жастар мен волонтерлардың атқарылған ауқымды жұмысына оң баға беріліп, алдағы жоспарлар талқыланды. 

Бүгінгі таңда «Ассамблея жастары» ұйымы мен Волонтерлар орталығының құрамында 50-ден астам белсенді жас бар. Олардың бастамасымен түрлі форматтағы мерекелік кештер, қайырымдылық акциялары, спорттық және интеллектуалдық сайыстар, ғылыми-танымдық шаралар өткізіліп келеді. Шаралардың негізгі дені жастарға патриоттық тәрбие беруге, олардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.

Кездесу аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Елена Пак пен тіл жанашыры, Волонтерлар орталығының белсендісі Елизавета Есмаева сөз сөйлеп, жас буынды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы облыстық ассамблея тарапынан жасалынып жатқан игі қадамдарға алғысын білдірді.

Кездесу соңында ұйымның  белсенді жастары мен «Біздің өлкеміздің тарихы» атты ең үздік тик-токерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: