Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірімдер мен ата – аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

06.06.2023

304 0

Пробация есебіндегі кәмелет жасқа толмаған сотталғандардың ата аналарымен кездесті Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ден астам сотталған есепте тұр. Олардың арасында кәмелет жасқа толмаған 5 жасөспірім бар. Бүгін осы кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен олардың ата аналарының қатысуымен пробация тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиынды қалалық пробация қызметінің бастығы әділет полковнигі Д.Садуақасов ашып, қазіргі таңда жасөспірімдер тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың көбейіп бара жатқандығын алға тартып, оларға сотпен жүктелген міндеттерді орындауға, ата -аналарын тыңдап, пробация қызметінің тарапынан ұйымдастырылатын спорттық шараларға қатысуға шақырды.Сонымен қатар пробация бастығы жасөспірімдер мен олардың ата аналарына аймақ инспекторларын таныстырып, күнделікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін де атап өтті.
Жиын барысында ата аналар тарапынан сұрақтар қойылып, заң талаптарына сай жауаптары берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: