Қызылорда облысында капстекингтен — уақытқа стакандарды жинау бойынша ашық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара жастар мен кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасауға, саламатты өмір салтын насихаттауға, балалар мен жасөспірімдердің спорт пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ жарыс арқылы ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталды.
Жарыс тартысты бәсеке, достық және өзара қолдау атмосферасында өтіп, облыстың түрлі аудандары мен білім беру ұйымдарынан қатысушылардың басын қосты. Қатысушылар жарыс барысында жылдамдықтарын, ептіліктерін, ұқыптылықтарын және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жоғары деңгейде көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар капстекинг спорт түрінің оқушылар арасында кеңінен дамуына және жастардың пайдалы әрі белсенді демалысқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иегерлері: Әмірханұлы Мейірхан (Арал ауданы N260 орта мектеп), Жанабай Раушан (Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназия), Әлиева Нұрдана (Шиелі ауданы N207 орта мектеп), Оспанова Назым (М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі).
Екінші орын алғандар: Әлиева Жайна (Арал ауданы N62 орта мектеп), Пірімжар Кәусар (Қазалы ауданы №165 орта мектеп), Орынбай Жанерке (Қазалы ауданы №16 мектеп-лицей), Бөлген Нұрасыл (Шиелі ауданы N243 орта мектеп).
Үшінші орын иегерлері: Қадырбай Тоғжан (Жалағаш ауданы N202 орта мектеп), Кеңес Бақдәулет (Сырдария ауданы N35 орта мектеп), Тынбек Жандос (Жаңақорған ауданы N51 орта мектеп), Әкім Інкәр (Жаңақорған ауданы N160 орта мектеп).
Аталған жарыс жастардың белсенді әрі пайдалы демалысын ұйымдастырудың жарқын үлгісіне айналып, өскелең ұрпақ арасында спортқа қызығушылықты, командалық өзара іс-қимылды және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!