Жұма, 26 сәуiр, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жастар жоспарларымен бөлісті

15.05.2023

1039 0

Достық үйінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Айбек Дайрабай өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымы және Волонтерлар орталығының мүшелерімен кездесті. Кездесуде жастар мен волонтерлардың атқарылған жұмысына оң баға беріліп, алдағы жоспарлар талқыланды. 

Бүгінгі таңда «Ассамблея жастары» ұйымы мен Волонтерлар орталығының құрамында 50-ден астам белсенді жас бар. Олардың бастамасымен түрлі форматтағы мерекелік кештер, қайырымдылық акциялары, спорттық және интеллектуалдық сайыстар, ғылыми-танымдық шаралар өткізіліп келеді. Шаралардың негізгі дені жастарға патриоттық тәрбие беруге, олардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған.

Кездесу аясында өңірлік «Ассамблея жастары» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева сөз сөйлеп, жас буынды қолдау, көтермелеу тұрғысындағы облыстық ассамблея тарапынан жасалынып жатқан игі қадамдарға алғысын білдірді.

Кездесу соңында ұйымның  белсенді жастары марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: