Жексенбі, 24 қараша, 02:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Жат ағымның жетегінде адасқандарды төрімізге шығардық» – Рүстем Ашетаев

03.11.2024

619 0

Әлеуметтік желі белсендісі, блогер Рүстем Ашетаев Facebook-тегі парақшасында өзекті мәселені сөз етіп, Алаш идеясын желеу еткендердің вахабизмді насихаттап жатқандарын хабарлады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Белсенді бұл мәселеге қатысты өзекті жазба арнады:

Вахабизм қазір өздерінің идеологияларын біздің тарихшыларымыз арқылы тықпалауға көшкен. Алаш қайраткерлері мен белгілі тарихи тұлғаларымыздың айтпаған сөздерін айтты қылып, өздерінің идеологияларына керек сөздерді солардың “ауыздарына салумен” айналысуда. Қарап отырсаң оларға қарсы ештеңе дей алмайсың. Тарих ғылымының бірдеңесі, Алаштанушы т.б ресми атақтары бар. Қоғамға лекциялар оқуға құқығы барлар. Сол құқықтарын пайдаланып ел аралап, студенттердің алдына шығып өздерінің жат идеологиясы тықпаланған лекцияларын еркін жүргізуде. (Мұндай трансформацияланған вахабизммен ҰҚК айналыса алмайды.) Ондай тарихшыларды жан-жақты қолдайтын қаржылы топтар бар. Солардың қолдауымен олар еркін қимылдауда. Ал оларға қарсы тұрып ақ қарасын ажыратып беретін бізде тарихшыларымыз болғанымен, оларға қолдау жоқ. Жалаңаяқ тарихшыларымыз мың жерден патриот болса да, жыл бойы бар жұмысын қойып оларға қарсы ел аралап жұмыс істей алмайды. Демек сондай тарихшыларымызға мемлекеттік қолдау қажет – деді ол.

Кейіннен кезінде Мұхамеджан Тазабеков деген ақынның кезінде әр жерге барып өзінің вахабисттік идеологиясы араласқан лекцияларын еркін оқып жүргенін айтты:

Мысалы кезінде Мұхамеджан Тазабеков деген ақын әр жерге барып өзінің вахабисттік идеологиясы араласқан лекцияларын еркін оқып жүрді. Тіпті қызды-қыздымен соның алдына біздің құқық қорғау саласының қызметкерлерін жинап тұрып лекцияларын тыңдаттық. Кейіннен ол өзінің осы уақытқа дейін адасып келгендігін мойындап, муфтияттан кешірім сұрады. Бұл жердегі сорақылық – жат идеологияның жетегінде адасып жүрген біреуге біз төрімізді беріп, тіпті ІІД-нің қызметкерлеріне лекциясын тыңдатқанымыз. Ол кешірім сұрап құтылды. Ал осындай сорақылыққа жол берген шенділер жазаланды ма? Жоқ әрине!Қазіргі жат идеологияны тықпалап жүрген тарихшылар да дәл осылай қоғамда, студенттер алдында лекцияларын оқып жүр. Кезі келгенде олар да өздерінің “адасқанын” мойындар. Ал олардың сол мойындауына дейінгі бұрмаланған тарихты тықпалап кеткен түсініктерінен жастарды ажыратып алу – үкіметке жүк болмақ. Оларды қазір еркін қимылдауларына жол беріп отырған ешкім жазаланбайды. Барлық мәселені дер кезінде шешкен жеңіл болатыны хақ. Демек біз қазірден бастауымыз керек – деді белсенді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: