Сенбі, 20 сәуiр, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлықпен бірге күресейік

09.12.2022

580 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өңірге қадірлі азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Төребаев Шахизат Хамитұлымен кездесу өткізілді.

Бұл шараға зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Кездесудің басты қонағы Шакизат Төребаев өмір жолында мемлекеттік қызметте сатылап өсіп, түрлі жауапты қызметтерді атқарған азамат. Сондықтан ол сындарлы да қиын сәтте мемлекеттік қызметте абыройлы болудың, жауапты саладағы жауапкершілік салмағын саралаудың маңыздылығын жақсы біледі. Бұл жайында ол жиналған көпшілікке айтып берді. Кездесуде жаңа дамудың қарсаңында тұрған Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен жалпыұлттық негізде күресуді тоқтатпауды, оның тамырына балта шабу қажеттігі айтылды. Әрине, бұл үшін азаматтық қоғамның, әрбір адамның үлес қосуы өте маңызды екені айтылды.

Жалпы өңірде жыл басынан бері халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды түсіндіру бағытында барлығы 25 шара ұйымдастырылған. Мұнан бөлек, діни бірлестіктер және өзге де этнос өкілдерімен 6 шара, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түрлі форматтағы 18 шара және мемлекеттік қызметшілердің зиялы қауым өкілдерімен 3 кездесуі өткізілген.

Сондай-ақ, баспасөз беттерінде «Антикор», «Тура биде туған жоқ», «Жемқорлықпен бірге күресеміз» тақырыптарында арнайы айдарлар ашылған. Аталмыш айдарлар аясында тұрақты материалдар жариялануда.

         Сыбайлас жемқорлық бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан Жаңа Қазақстанға бет алған әрбір азамат мұндай кемшіліктен ада, еліне адал қызмет ете білетін, адамгершілік қасиеттен айнымайтын болуы тиіс. Бұл ретте ісіне адал болып, халық алғысын арқалаған тұлғалардың келелі ой-пікірі, жастармен кездесуі қоғамның ақсақ тұсын қалыпқа келтіруге бірден-бір себеп болмақ.

 

 

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: